Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер
Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы, дауыс беру күні — 2026 жылғы 29 қараша (ҚР ОСК-ның 13.10.2026 № 60/98 қаулысы). Мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес жарияланады. Жарияланды: 2026 жылғы 27 қазан
Бағалар
Бағалар барлық кандидаттар мен саяси партиялар үшін бірдей. Теңгемен көрсетілген, ҚҚС 16 % қоса.
| Қызмет | Не кіреді | Бірлік | Бағасы, ₸ |
|---|---|---|---|
| Үгіт материалын жариялау (сайлау алдындағы бағдарлама, мақала, үндеу) | мәтін 5 000 таңбаға дейін, кандидаттың 3 фотосуретіне дейін, беттеу, тұрақты сілтеме, қалауы бойынша екінші тілдегі нұсқасы | 1 жарияланым | 55 000 |
| Кандидатпен сұхбат | сұрақтарды редакция дайындайды, жауаптарды кандидат бекітеді; 8 000 таңбаға дейін, 3 фотосуретке дейін | 1 материал | 95 000 |
| Басты бетте кандидат материалына сілтемесі бар баннер | басты бетте ротациямен барлық құрылғыларда көрсету | 1 күн | 15 000 |
| Материалды басты беттегі лентада бірінші орынға бекіту | жаңалықтар лентасының бірінші позициясы | 1 күн | 20 000 |
Кандидаттың тезистері бойынша мәтін дайындауға көмек жарияланым құнына кіреді. Материалдар «Сайлау-2026» бөлімінде орналастырылады және сайлаудан кейін де тұрақты сілтеме бойынша қолжетімді болады.
Кандидаттарға бөлінетін қаражатқа арналған пакеттер
Пакеттің мөлшері мемлекеттің бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидатқа БАҚ-та сөз сөйлеуге және екі мақала жариялауға бөлетін сомасына тең. Кандидат бір шартпен осы соманың барлығын басылымға жібере алады (ОСК-ның № 12/202 қағидалары, 4–5-тармақтар).
| Пакет | Кімге | Құрамы | Сомасы, ₸ |
|---|---|---|---|
| «Аудан» | аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ОСК-ның 26.10.2026 № 66/115 қаулысы | сайлау алдындағы бағдарлама — 55 000 мақала немесе үндеу — 55 000 басты бетте баннер 12 күн — 180 000 немесе: екі жарияланым 110 000 + баннер 8 күн 120 000 + бекіту 3 күн 60 000 | 290 000 |
| «Қала» | облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттығына кандидаттар ОСК-ның 26.10.2026 № 66/116 қаулысы | сайлау алдындағы бағдарлама — 55 000 мақала немесе үндеу — 55 000 сұхбат — 95 000 басты бетте баннер 13 күн — 195 000 немесе: екі жарияланым 110 000 + сұхбат 95 000 + баннер 9 күн 135 000 + бекіту 3 күн 60 000 | 400 000 |
| «Облыс» | облыстық мәслихаттар, астана мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттығына кандидаттар ОСК-ның 26.10.2026 № 66/117 қаулысы | сайлау алдындағы бағдарлама — 55 000 мақала немесе үндеу — 55 000 сұхбат — 95 000 басты бетте баннер 11 күн — 165 000 басты бетте бекіту 2 күн — 40 000 немесе: екі жарияланым 110 000 + сұхбат 95 000 + баннер 7 күн 105 000 + бекіту 5 күн 100 000 | 410 000 |
Пакеттен тыс кез келген позициялар — сол бағамен кандидаттың сайлау қоры есебінен.
Орналастыру шарттары
- Кезең. Материалдар 2026 жылғы 1 қарашадағы 18:00-ден 28 қарашадағы 00:00-ге дейін орналастырылады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 27-бабы 2-тармағы, ОСК-ның күнтізбелік жоспары). 28 және 29 қарашада жаңа орналастыру жүргізілмейді, баннерлер мен бекітулер басты беттен алынады; бұрын жарияланған материалдар сақталады (32-баптың 2-тармағы).
- Тең жағдайлар. Бағалар мен шарт талаптары барлық кандидаттар мен саяси партиялар үшін бірдей (28-баптың 2 және 3-тармақтары). Бір кандидатқа орналастыруға берілген келісім барлық кандидаттарға орналастыруға келісім беру болып табылады (28-баптың 3-тармағы).
- Кезектілік. Өтінімдер басылымның электрондық поштасында немесе сайттағы формада тіркелген күні мен уақыты бойынша жазбаша жолданымдардың келіп түсу ретімен орындалады; бір мезгілде түскен жағдайда — жеребе бойынша.
- Белгі. Әр материалда белгі қойылады: «Сайлау алдындағы үгіт материалы. Тапсырыс жасаған тұлға: ____ мәслихаты депутаттығына кандидат Т. А. Ә. Ақысы кандидатқа бөлінген республикалық бюджет қаражатынан төленді» не «кандидаттың сайлау қорының қаражатынан төленді». Материалды шығарған ұйым: «Goszakup Consult» ЖШС (28-баптың 5-тармағы).
- Мәтін. Материалды кандидат немесе оның сенім білдірген адамы жазбаша түрде (файл және қол қойылған дана) ұсынады, ол сөзбе-сөз, түзетусіз және редакциялық түсініктемесіз жарияланады (28-баптың 3-тармағы). Кандидаттың қалауы бойынша редакция оның тезистері негізінде мәтін дайындайды; түпкілікті мәтінді кандидат бекітеді.
- Келісім. Кандидаттың қызметті алуға жазбаша келісімі шартта тіркеледі (28-баптың 7-тармағы).
- Орналастырудан бас тарту. Басылым мазмұны 29-баптың 1-тармағына қайшы келетін (конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды, қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, алауыздықты қоздыруды насихаттау және т. б.), басқа кандидаттардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін (27-баптың 7-тармағы), басқа адамдардың бейнесін олардың жазбаша рұқсатынсыз пайдаланатын (27-баптың 10-тармағы) материалдарды, сондай-ақ сауалнамалар мен болжамдарды (28-баптың 9-тармағы) орналастырмайды. Материалдың мазмұны мен дұрыстығы үшін кандидат жауап береді (27-баптың 8-тармағы).
- Мерзімдер. Материал жарияланымнан кемінде бір жұмыс күні бұрын қабылданады; жарияланым — комиссия төлемді растағаннан немесе алдын ала төлем түскеннен кейін 24 сағат ішінде; баннерді ауыстыру — жұмыс күні ішінде. Сілтемелері мен бет суреттері бар көрсетілген қызметтер актісі — жарияланған күні.
- Бюджеттен төлеу. Кандидат басылыммен бағасы көрсетілген шарт жасасып, оны аумақтық сайлау комиссиясына ұсынады; төлемді комиссия кандидат басылымның шотын ұсынған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның шоты арқылы жүргізеді (ОСК-ның 25.08.2018 № 12/202 қаулысымен бекітілген қағидалар, 30.06.2026 редакциясы, 2–4-тармақтар). Кандидат БАҚ-та сөз сөйлеуге және екі мақала жариялауға бөлінген соманың барлығын немесе бір бөлігін басылымға жібере алады.
- Сайлау қорынан төлеу. Шартқа қол қойылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде кандидаттың арнайы уақытша шотынан алдын ала төлем; барлық есеп айырысулар 2026 жылғы 28 қарашадағы 18:00-ге дейін аяқталады (34-баптың 8-тармағы).
- Теріске шығару. Өзіне қатысты мәліметтер жарияланған кандидат сол көлемде теріске шығаруды тегін жариялауға құқылы (27-баптың 7-тармағы). Жолданым — басылымның электрондық поштасына.
- Бағалар. Теңгемен көрсетілген, ҚҚС 16 % қоса алғанда (орындаушы ҚҚС төлеушісі болып табылады). Пакет сомалары ОСК белгілеген лимиттерге тең және ҚҚС-пен көрсетілген. Осы мәліметтер 2026 жылғы 27 қазанда осы бетте жарияланды; сол күні мәліметтер аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылды.
Өтінімді қалай беру керек
Сайттағы өтінімді толтырыңыз (деректер, қызметтер, мәтін мен фото) немесе мына поштаға жазыңыз: goszakup.consult@gmail.com (округті, мәслихат деңгейін, таңдалған қызметтер мен күндерді көрсетіп). Редакция телефондары: +7 706 406 79 77, +7 747 540 81 14, күн сайын 9:00-ден 21:00-ге дейін. Жауап ретінде жұмыс күні ішінде шарт, шот және орналастыру кестесін жібереміз.
| Баспагер | «Goszakup Consult» ЖШС, БСН 200940022916; заңды мекенжайы: г. Астана, район Есиль, проспект Ұлы Дала, дом 61, н.п. 1, Z05P9A0 |
|---|---|
| Редакция мекенжайы | г. Астана, просп. Мәңгілік Ел, 8, блок 16В, Национальный пресс-клуб, каб. 46 |
| БАҚ есебі | Интернет-басылымды есепке қою туралы куәлік № KZ45VPY00033363, 12.03.2021 |
| Банк | АО «Банк ЦентрКредит», БИК KCJBKZKX, ИИК KZ468562203109475287, КБе 17 |
| Басшы | директор Тұрарбекұлы Уәлихан |
| Телефондар | +7 706 406 79 77, +7 747 540 81 14 |